“Электршіге” есік ашамын деп…

Қостанайдың тәртіп сақшылары бірнеше қылмысқа күдікті болуы кәдік  28 жастағы азаматты қолға түсірді. Қылмыскер үйлерді аралап, қожайындардың сеніміне кіру үшін өзін электрші деп таныстырып, ақша ұрлаған. Ол өзінің соңғы заңсыз әрекетін 62 жастағы зейнеткердің үйінде жасапты.68713_b0Алаяқ 29 наурыз күні кейуананың пәтеріне еніп, әдетінше электр көздерін қарай бастайды. Қаннен-қаперсіз әжей басқа бөлмеге шығып кетісімен, қылмыскер 23 мың теңге ақшаны қолды етіп, дереу тайып тұрған. 
Артынша ақшасы жоғалғанын байқаған зейнеткер полиция шақырып, шағымданады. Тәртіп сақшылары саусақ іздері арқылы қылмыскерді әп-сәтте қолға түсіреді. 
Қазіргі таңда оның басқа да қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 
Полиция қызметкерлері тұрғындардан абай болуды өтінеді. Кез келген қызмет түрлерімен келген мамандардың жеке куәлігін сұрап, ПИТК-ге хабарласып, нақтылап алған жөн.     

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓