5-қабаттан құлап, мерт болды

Қостанайда ғимараттың 5-қабатынан құлап кеткен әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаевқа сілтеме жасап.этажЕске салсақ, 26 ақпанда қалалық ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен 1989 жылғы әйел түсті. Оның ғимараттың 5-қабатынан құлап кеткені нақтыланды.  
«29 жастағы әйел ауыр жағдайда түсті. Миына зақым келген. Ол есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды», – деп хабарлады қалалық аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓