“Жел электриктен” – 30 млн теңге

Қостанай облысындағы алапат өрттен жапа шеккен тұрғындарға тағы бір ірі компания көмек қолын созды. Өңірдегі қуаттылығы 50МВт болатын «Ыбырай» жел электр станциясына иелік ететін «Жел электрик» ЖШС "ҚайырымдылықKZ" қорына 30 млн теңге аударды.«Бүгінде тұрғын үй салуға, зардапқа ұшыраған тұрғындарды оңалтуға қаржы ауадай қажет. Сондықтан осындай қиын шақта қазақстандықтар бірлік танытып, отандастарын қолдауы тиіс. «Жел электрик» ЖШС акционерлері мен компания басшылығы бірауыздан қорға қаражат аудару шешіміне келді. Біз ауызбірлігіміздің арқасында осы қиын-қыстау кезеңді артқа тастап, жапа шеккендердің қалыпты, қамсыз өмірге қайта өмірге оралуына күш жұмылдыра аламыз деп сенеміз»,  – делінеді компания хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓