Жарайсың, Вася!
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде жерлесіміз Василий Левит ел қоржынына "алтын" медаль салды. Бұл ақпаратты "ҚазАқпарат" тілшісі жеткізді.
91 келі салмақта өнер көрсететін Василий Левит бұл жолы да ел намысын абыроймен қорғады. Ол финалда Жаңа Зеландия өкілі Дэвид Никамен жұдырықтасып, чемпиондық атақты еншіледі. Осылайша, финалға шыққан қазақстандық төрт боксшының екеуі чемпион атынып, екеуі күміс жүлдені қанағат тұтты.
Осыған дейін 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин және 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл "күміс" иеленген еді. Бірніші «алтын» 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетовтің еншісінде болса, екінші "алтын" жүлдені Василий Левит қанжығасына байлады.
Айта кетейік, Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасынан жалғыз жолдама иеленген 19 жастағы Надежда Рябец те (75 келіге дейін) Қостанай өңірінің тумасы.