Әр майдангерге 150 мың теңге

Рудный қаласындағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек беріледі.Ngz3qQsGeYSMxAom-lg
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, бүгінде кеншілер қаласында көзі тірі 18 майдангер бар. Олардың денсаулық және тұрмыстық жағдайы жергілікті биліктің жіті назарында.
Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың, тылда еңбек еткен азаматтардың да есепшотына 12 625 теңге аударылады. Мұндай санатта 1283 азамат тіркелген. Сонымен қатар, осы көлемдегі жәрдемақыға Ауған соғысына қатысушылары, Чернобыль апатын жоюшылар, фашизм тұтқындары, ҰОС қатысушыларының жесірлері, Семей ядролық полигонынан зардап шеккендер ие болады. Олардың саны 1131 адам.
Осылайша Ұлы Жеңістің 74 жылдығында қалалық бюджеттен жәрдемақылардың өзіне 18 млн теңге қарастырылған.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓