Жасөспірім суға кетті

Арқалық қаласына қарасты Аңғар ауылында жасөспірім ер бала айтып келмейтін апаттың құрбаны болды.
Бұл жөнінде Арқалық қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің жедел кезекшісіне 28 мамыр күні кешкісін сағат 20:38 – де телефон арқылы суыт хабар түскен.ytonul
Мамандардың айтуынша судағы кісі өлімі биылдыққа алғашқы тіркеліп отырған оқиға. Он екі жастағы бала ауыл шетіндегі су қоймасына түсіп, ажал құшқан. Ол осы ауылдағы мектепте әжесінің қолында тұрып оқиды екен. Анасы Астана қаласында тұрады.
Баланың суға кету себебі қарапайым суға шомылу ережелерінен сақтамаудан болып отырған көрінеді. Мәйітті сол сәтте суға кеткен баланың өзінен бір жас үлкен бауыры жағаға алып шығыпты.
Тиісті сала өкілдері халыққа жаз мезгілінде суда сақ болуды ескертеді!
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓