Әскерилер марапатталды

Биыл батпаққара төсінде өрген киіктер жаппай қырылды. Ен даланың еркесі киіктердің қырылуы қазақтың қасіреті емес пе. Саны кеміп, жойылуға шақ қалған жануар Қазақстанның «Қызыл кітабына» да енген.IMG_9727 Осынау төтенше жағдайдың алдын алуға Қостанайдағы ҚР Ұлттық Ұланы №6697 әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Әскери қызметшілер мен сарбаздар 18-26 мамыр аралығында Аманкелді, Жанкелдин аудандарында болып, киіктердің қырылу салдарын жоюға қатысты. IMG_9731Олар киіктердің өлекселерін жинауда жергілікті билікке жәрдемдесіп, азаматтық міндеттерін өтеді. Тапсырманы орындауда жауапкершілік танытқан 150 әскери қызметшіге, сарбаздарға және №6697 әскери бөлімінің командирі Қанат Байсақовқа облыс әкімі Нұралы Садуақасов алғыс білдірді. Өңір басшысы аталған әскери бөлімге арнайы барып, жауынгерлерге Алғыс хаттарды өз қолымен табыстады. Қоғамдық тәртіптің сақшысына айналған ішкі әскердің казармаларын да аралап көрді. IMG_9756
-Құрметті жауынгерлер, офицер мырзалар! Облыстың оңтүстік аудандарына болып, берілген тапсырманы абыроймен орындағандарыңыз үшен үлкен ризашылығымды білдіремін,-деген облыс әкімі Нұралы Садуақасов Қостанай, Рудный, Арқалық қалалары мен Аманкелді, Жанкелдин аудандарының әкімдеріне де алғыс білдірді.IMG_9774 Себебі төтенше жағдайдың алдын алуға аталған аудан, қалалардың әкімдері де үлес қосқан болатын.IMG_9783 Киіктердің жаппай қырылу салдарын жою жұмыстарын облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов басқарды. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓