«Қыс – 2016» оқу-жаттығулары

Қазақстанда «Қыс – 2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар басталды, солардың шеңберінде Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті аумақтық КШО жүргізуде. Оқу-жаттығудың мақсаты – қыс мезгілінде тууы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесінің дайындық деңгейін арттыру. окуДепартаменттің кризистік орталығында ТКШО басшылығының штабы ұйымдастырылды. Жедел штабтың жұмысы Павлодар қаласында орналасқан ҚР ІІМ ТЖ Комитеті Республикалық жедел штабымен бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимінде өтеді. Таң атысымен Қостанай қаласында құрамында 52 бірлік техника мен 174 адамы бар облыстық Жедел әрекет ету жасағын байқап қарау болды. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, полиция, сонымен бірге қаланың инженерлік құрылымдары мен коммуналдық кәсіпорын құрылымдары үлкен көпір алдындағы алаңда сапқа тұрды. Жедел әрекет ету жасағының дайындық деңгейін Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов бағалады. оку1Ол қыс мезгілі жағдайында төтенше және кризистік жағдайлардың салдарын жою бойынша құтқару мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге Жедел әрекет ету жасағының жақсы дайындығын белгілеп кетті. оку2Бұдан әрі ТКШО барысында екі оқу-жаттығу учаскесінде – Қостанайда ҚЖЭК МКК № 3 қазандығының орналасқан нысанында және Қостанай-Майкөл облыстық маңызы бар автожолдың 14-шақырымында ТЖ жою бойынша облыстың азаматтық қорғауды басқару органдарының іс-қимылын тәжірибелік өңдеумен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар жүргізу жоспарлануда.
 
Қостанай облысының ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓