Жангелдинде шағын сүт өндіру цехы іске қосылды

Мұратбек Кеңес 2014 жылы “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасының 1 – ші бағыты “Бастауыш кәсіпкерлерді гранттық қаржыландыру бөлігі” бойынша 2,5 млн теңге қайтарымсыз грантты жеңіп алып, “Шағын сүт өндіру цехын” ашты.Сүт цехы
Ашылу салтанатына аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин, мәслихат хатшысы Серік Нұрғазин, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов, аудан әкімінің орынбасарлары мен жауапты мекеме басшылары қатысты. Лауазым иелері өндіріс орны ауданның әлеуметтік – экономикасының дамуына өз септігін тигізетінін тілге тиек етті.
“Күніне 120 литр сүттен 2,5 литр кілегей аламыз. Оның сыртында сары май, құрт, ірімшік, айран, қаймақ тағы да басқа сүт өнімдерін жасап шығарамыз. Егерде арнайы технолог мамандары болса шаруашылығымыз алға қарай сәтті қадам басар еді. Әзірге жаман емес. Десекте, алдағы уақытта жұмыссыз жүрген мамандарды жұмыспен қамту мақсатында арнайы технолог мамандарынан дәріс алуға жіберуді жоспарлап отырмын. Өзіміздің елден шыққан өнімдер сапалы әрі бағасы да арзанырақ болады”, – дейді Мұратбек Талғатұлы.
Цехтың алғашқы өнімдері ендігі сатылымға шыға бастады.
 
                                                            Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
                                                                 Жанкелдин ауданы
 
 
 
 
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓