Балуандар бәсекесі басталды
Қостанайда қазақ күресінен 2001-2003 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Спорт додасы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналып отыр.«Барлығы 420 спортшы қатысуда. Оның 80-і – қыздар, 380-і – ұлдар. Жарыстың ұйымдастырылуы өте жоғары дәрежеде. Кейінгі жылдары қазақ күресі жақсы дамып келеді», – деп атап өтті чемпионаттың бас төрешісі Нұрмұхамбет Жайлаубай.
Жастар чемпионатының ашылу салтанатында Қостанай облысы әкімінің орынбасары, өңірдегі қазақ күресі федерациясының президенті Ерлан Қойшыбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.Біріншілік төрт күнге жалғаспақ. Жарыс шымылдығын қыздар бәсекесі бастап беріп, сегіз салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Келесі күні 90, 100, +100 келі салмақтағы палуандар күш сынасты.

Аслан Қанғожин
Қатысушы палуандар санына қате кеткен сияқты ма?