“Мирас” мәдени ошағы қостанайлықтар үшін

Қостанайлықтарға жақсы мәдениет сарайы қажет деген әңгіме көптен бері айтылып келді. IMG_9715Осы мәселе шешіліп, қалада “Мирас” қалалық мәдениет үйі есігін көпшілікке айқара ашты. Қуанышты шара халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келді.IMG_9739 Күрделі жөндеуден өткен ошақтың ішін Н. Садуақасов түгелімен аралап, мұндағы шығармашылық ұжымдармен кездесті.IMG_9725
КЖБИ шағын ауданындағы мәдениет үйінің іші-сырты бұрындары сын көтермейтін.IMG_9760 Күрделі жөндеу жүргізу мәселесі осыдан екі жыл бұрын қолға алынды. Қалпына келтіру жұмысына 542 миллион теңге қаржы жұмсалып, өнер ордасы жаңа келбетке ие болды.IMG_9768
 Қазір бұл жерде ересектерге арналған 11 шығармашылық ұжым және балалар студиялары бар. Оның сыртында жастар орталығы да осы жерде бас қосқан. Үйірмеге келетін ең үлкен кісі 75 жаста екен.IMG_9786
Концерт залы 410 орынға лайықталған. Мәдениет ошағында ән жазатын студия қондырғылары толығымен жаңартылды. Бұған барша әншілер риза. Өнер адамдарының тың туындыларына жан бітіруге кең мүмкіндік бар. IMG_9796Ән жазу студиясында Н. Садуақасов алғашқы болып ән салып, даусын жаздырып, студияның мүмкіндігін де сынап көрді. IMG_9721Заманауи аппаратуралармен жабдықталған студия да, жаңартылған ғимарат та облыс әкімінің көңілінен шықты.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓