Ұмытылмас ұлы нәубет
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қасіретті жылдар естелігі» атты кеш өтті. Іс-шара барысында «Енді құпия емес» атты көрме көпшіліктің назарына ұсынылды. Көрмеге 1930-1950 жылдар арасындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы мол мағлұмат қойылған. Мұндағы матриалдар арқылы күні бүгінге дейін құпия сақталған ақтаңдақтар ақиқатымен танысуға болады. Құнды деректердің бәрі осы уақытқа дейін мұражай қорында сақталып келді.
31- мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген болатын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде: «Біздің әрқайсымыздың борышымыз – репрессия және террорды ұғынып, терең түсіну, оған қатал үкім шығару»,- деген еді. Яғни., әрбір өлкетанушы, тарихшы, мұражай қызметкерлері нәубет жылдардың құжаттары мен жәдігерлерін іздестіріп, ұрпаққа сақтап жеткізуіге тиісті. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы іс-шараның мақсаты осы оймен астасып жатқандай. Елдің кешегісі мен бүгіні тарихта мәңгілік қалады.
Ақбота ҒАЗЕЗ