Арқалықта дәретхана қағазы шығады

Арқалық қаласына қарасты Родина ауылынан дәретхана қағаздарын шығаратын жаңа цех ашылды. Цех 2Жаңа кәсіп көзінің кермесін қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Н. Шалдыбаев қиды.
Бұл – мемлекеттік моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан шара. Кәсіпкер грант арқылы үкіметтен 2 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз несие алып, осындай мүмкіндікке қол жеткізіп отыр.Цех 1
– Кәсіпкерлікке кең өріс ашқан Елбасымызға айтар алғысымыз шексіз. Қажетті қондырғыларды қытайдан әкелдік. Мүлтіксіз жұмыс істеп тұр. Өнімдеріміздің сапасы жоғары. Нарықта сұранысқа ие болады ғой деген ойдамыз, – дейді жас кәсіпкер Санжар Қанатұлы.
Жаңа жұмыс орны 3 адамды жұмыспен қамтыды. Өндірілген өнімнің бағасы – 30 теңге.
 
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген автор.
Арқалық қаласы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓