Өндіріс көлемі ұлғаяды

        Алты ай үзілістен кейін Қытайға  темір кенін жөнелту  қайта қалпына келді. Бұл туралы облыстың экономикалық һәм әлеуметтік дамуының алғашқы тоқсанына арналған кеңесте облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалаова хабарлады. Оның сөзінше, бірінші тоқсанда аспан асты еліне жиырма үш мың тоннадан астам темір кенінің концентраттары жөнелтілген. Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында бұл көрсеткішті ұлғайту жоспарланған.
        Жалпы, 2016 жылдың алғашқы алты айында кейбір өнеркәсіп өнімдерінің көлемі  артқаны байқалады. Мерзімді кезеңде облыс кәсіпорындары барлығы 121 млрд. теңгенің өнімдері өндірілген. Алайда, кейбір саланың көрсеткіштері әлі де болса төмен. Бұған әлемдегі шикізат өнімдеріне сұраныстың азайғаны және бағаның құлдырауы себеп.
        -Мәселен, темір жентектері екі есе, темір кенінің концентраттары 30%-ке, ал темір кенін өндіру   36%-ке, құрамында алтыны бар кен шығару 21%-ке азайған,-деді Роза Кемалова.
         Осыған қарамастан, облыстың экономикалық жағдайы тұрақты. Биылғы жылдың екінші жартысында  «ССКӨБ» АҚ Қытайға тасымалданатын темір кенінің көлемін 350 мың. тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Ал, Теміртау мен Ресейдің Магнитогорск қалаларына шикізат жеткізу былтырғы жылғы көрсеткіштен асар емес.
       Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұл салада сала басшыларына нақты міндеттер жүктеп, жұмысты одан әрі жандандыра түсу қажеттігін атап өтті.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓