Лисаковта жылыжай кешені ашылады
Құрылыс жұмыстарына бүгінге дейін жауапты компания өз қалтасынан 70 млн.теңгедей шығындады. Қазір жаңа инвесторлар тарту және несие алу мәселелері пысықталып жатыр.
Былтыр жылыжай кешеніне барлық инженерлік инфрақұрылым жүргізу ісіне 51,4 млн. теңге жұмсалған. Бұл инфрақұрымдарды өзге жобаларды жүзеге асыру үшін де пайдалану жоспарда бар. Нақтысын айтқанда, қуаттылығы 1200 тонна тенттік қаңқалық ангарлар өндіретін цехты жандандыру. Жобаны «СпецСтальКонструкция» ЖШС міндетіне алды. Серіктестік өз қоржынынан 120 млн теңге шығармақ. Бұл жоба аймақтық индустрияландыру картасына енген. Мұнымен қоса, жиһаз өндірісімен шұғылданатын «Жиһаз» ЖШС-не газ құбырын өткізу.
Жандос Жүсіпбек