Арызданып барып, айыпкер атанды

Сарыкөл ауданындағы «Арыстан-ПК» ЖШС-ның облыс орталығына қайта жолдаған шағымы қанағаттандырылмады. Бұл жайлы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімет береді. Аталған серіктестікте 2012-2014 жылдар аралығында жұмыс істеген Е.Абросимовадан материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралған болатын. Алайда аудандық сот шағымданушы тараптың арызы қабыл етпей, іс Қостанай сотына жолданды.сот
Сот отырысы барысында мәлім болғандай, «Особа» дүкенінде тауарлық-       материалдық қорды түгендеу кезінде 1 837 375 теңге көлемінде жетіспеушілік анықталған. Өз шағымында талапкер бұл шығын дүкен сатушысы Е.Абросимованың  қызметтік міндеттерін дұрыс атқармау салдарынан болды деп көрсетіп, оны өндіріп алуды өтінеді.
Дегенмен талапкер дүкен сатушысының шығын келтіргендігі туралы нақты  дәлелдер ұсына алмаған. Сонымен қатар, істі қарау барысында,  керісінше,жұмыс беруші тарапынан ережебұзулыққа барғаны әшкере болды. Атап айтқанда, кіріс-шығыс есебі тиісті түрде жүргізілмейтіндігі, тез бүлінетін тауарларды сақтау мерзімі бақыланбайтыны анықталған.
Осы жайттар негізінде, Сарыкөл аудандық соты келтірілген шығын мен жауапкер әрекетінің арасында байланыс жоқ деген байламға келді. Осылайша, сот шешімімен серіктестік шағымын толық қанағаттандырмады. Серіктестіктің апелляциялық шағым Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алақасында қаралып, Сарыкөл аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалды.
Есесіне, ЖШС-да орын алған еңбек заңнамасының бұзылу фактілері бойынша тиісті шара қолданылатын болды. Бұл турасында «Қостанай облыстық әкімдігінің еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жеке ұйғарым жолданды.
 
Жандос Жүсіпбек
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓