Үй өртеніп, үш бала қаза тапты
Бүгін түс мезгілінде Амангелді ауылының Ермағамбетов көшесіндегі 2 пәтерлі тұрғын үй өртенді. Оқыс жағдай кезінде үйде төрт бала болған, олардың үлкені 8 жаста.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенше көршілер барлық баланы далаға алып шыққан. Бұл уақытта балалардың ата-анасы жұмыста болған.
Амангелді орталық ауруханасының қызметкерлері сағат 11-лер шамасында 2016, 2019 және 2020 жылы туған үш қыз баланың көз жұмғанын хабарлады. "Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өртке ток желілерінің тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Толық ақпарат кейінірек хабарланады", – дейді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Зината Кучекбаева.

Кейінірек әлеуметтік желілерде қайғылы оқиғаға душар болған отбасыға жәрдемдесу туралы хабарландыру тарады
"Бір отабасының үш қыз баласы түтіннен уланып қаза болды. Көмек қолын созам деген жандар болса, 87784292815 (Әйгерім Қ.) нөміріне қаржы аударып, жәрдемдесулеріңізге болады (балалардың анасы)", – делінген хабарламада.