Оқулықсыз қалмайық десек…

      Жаңа оқу жылына  балаларымыз бос сөмкемен бармасын десек, қазірден бастап, мектепке барып, тиісті  оқулықтар тізімін алып, сатып алғанымыз жөн. Бірақ, кейде «қыркүйекке дейін үш ай бар, сатып алуға үлгереміз ғой» деп, қамсыз жүретін әдетіміз тағы бар емес пе. photo_65477Мектеп кітапханалары оқулықтармен қаншалықты қамтамасыз етілу үстінде деген сұрақпен облыстық білім басқармасына соққан едік.
– Жаңа оқу жылында ешбір бала кітапсыз қалмайды, барлығы да  жүз пайыз, толықтай қамтамасыз етіледі.  Өзіңіз  білесіз, жыл сайын  мектебімізде ең алдымен әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасының мектеп жасындағы балалары  тегін қамтамасыз етіледі. Биыл  4,5,6 және 11-сыныптағылар үшін оқулықтар тегін алады. Сонымен бірге  7-сыныпқа арналған информатика мен  3-сыныпқа арналған ағылшын пәнінің кітабы тегін берілетін болады. Жалпы алғанда,  облыстық бюджеттен оқулықтар үшін алты жүз бес миллион теңге бөлініп отыр,-деді облыстық білім  басқармасының бас маманы Айзада Аушаманова.
 
Гүлназым Сағитова
    

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓