Тәулігіне – 200 мың гектар
Күн райы жылы қабақ танытқан соңғы екі-үш күндікте облыс диқандары көктемгі дала жұмыстарына қызу кірісті. Қайткенмен уақытты ұтымды пайдаланып, егіс науқанын қысқа мерзімді аяқтау қажет.
Қостанай облысы ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Сембай Сағындықовтың берген мәліметтеріне қарағанда күні бүгін астықты өңір барлығы 940 мың гектар алқапқа дән сіңіріп үлгерген. Бұл жалпы егістіктің 22%-на тең. Әзірге Қамысты, Жітіқара, Аманкелді, Әулиекөл және Арқалық қалалары келе жатыр. Мұнда сәйкесінше 28-35 процентке дейін тұқым себілді. Керісінше Сарыкөл, Ұзынкөл, Меңдіқара, Алтынсарин және Федоров ауданында дала жұмыстары өте баяу жүргізіліп жатыр. Федоровтық диқандар егістік көлемінің 10 %-не дән сепкен.
Шаруалар дала жұмыстарын барынша қарқынды жүргізуге пейілді. Егер жауынды-шашынды күндері тәулігіне 50 мың гектарға егін егілсе, қазір оның көлемі 200 мың гектардан айналады. Көрсеткіш жаман емес.
Айбек КӘДІРҰЛЫ