Қазандық қалыпқа келтірілуде
Қостанай облысының әкімі Қостанай қаласындағы №3 жылыту қазандығында болып, құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын тексерді.Бұл нысанда 4 су жылыту және 2 бу қазандығы бар. Бүгінгі таңда құрама тарату құрылғыларының камерасын, басқару және реттеу шкафын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақ басшысына жұмыс барысы егжей-тегжейлі көрсетіліп, жөндеуден кейін қандай ақаулар жойылып, қазандық сапасының қаншалықты артатыны түсіндірілді.Соңында облыс әкімі Қостанай қаласының әкіміне, сондай-ақ Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысына барлық жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.