Диқандар дала жұмысын жандандырды
Сәрсенбіде сарыкөлдік диқандар дән себуге кірісті. Аудан әкімі Эльдар Күзенбаев егіс алқаптарын аралап, көктемгі дала жұмысы барысымен танысты.
Бұл күні аудан басшысы «Аманжол АкРо» және "Златоуст ПК" ЖШС-де болды. Ол өз сөзінде белгіленген жоспарды орындау үшін техникалық және кадрлық өсімнің аса қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ауылшаруашылық тауар өндірушілер тарапынан қойылған кейбір мәселелі сауалдарға жауап берді.
Жалпы, табиғаттың қолайсыздығына байланысты көктемгі жұмыстардың кешеуілдеп жатқаны баршамызға белгілі. Осыған қарамастан, дән себуге асыққан диқандар күні-түні жұмыс жасауда. Себебі, олар үшін әр минут маңызды…
Айта кеткен жөн, 27 мамыр күні ауданда 15 мың гектардан астам бидай, 5440 га арпа, 3070 га сұлы, 9414 га бұршақ және 200 га күнбағыс, барлығы – 34279 га астық себілді.

Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы