Д.ҚАЗБАЕВА, Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы “Арқалық медицина колледжі” МКҚК директоры, ҚРДенсаулық сақтау ісінің үздігі: «Бәсекеге қабілетті маман даярлау – басты міндет»

DSCN9857Елбасымыздың халыққа кезекті  Жолдауындағы "Қазақстан  жолы – 2050:  "Бір  мақсат, бір  мүдде, бір  болашақ" медицина   саласын  дамытудың  негізгі  бағыттарын  ай-қындап, қазақстандықтардың  өмір  сүру  жасын ұлғайтып, дені  сау  ұлт  болуға   үндеді. Азаматтардың  медициналық  жеке  сақтандыруға  көшуі – денсаулық  сақтау  саласындағы тың  өзгерістің  бірі  болып  отыр.  Арқалық медицина колледжі  қазіргі  еңбек  нарығында  бәсекеге  қабілетті орта буынды медициналық мамандар  даярлайтын оқу  орындарының  бірі.
Әрбір күн  өзгеріске  толы, бүгінгі  жауапты  кезеңде  замана  көшінен  қалып қоймай,  уақыт  талабына  сай  ертеңгі  болашақ  жас  ұрпақты  білімді  етіп  тәрбиелеу, колледж  ұжымына зор жауапкершілікті  жүктейді. Бүгінгі  таңда  білім  беру  саласында  маз-мұнды  білім тереңдету негізінде кәсіби  мамандарды  даярлаудағы  негізгі  мәселелердің  бірі. Сондықтан да, болашақ маманды кәсіби  даярлауда  жаңа  технологияларды  қолдану – оқу  орындарында  қойылатын  негізгі  талаптардың  бірі.  Педагогикалық  ұжым  оқушылардың  мамандықтарына  деген  сүйіспеншілігін  арттыру, теориялық  және  практикалық  білімдері арқылы  ой-өрістерін  кеңейту, білім, білік  дағдыларын  бойларына  сіңіру  мақсатында  еңбек етуде.
Неміс педагогі А.Дистерверг "Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып  береді, ал жақсы  мұғалім оқушыны ізденуге  жетелейді", – деген.  Осы  пікірге  орай  оқытушыларымыз   өз  пәнінен  білім  бере  отырып, білім  алушылардың  қабылдауын, ойлану  негізінде  ізденуге  өз  бетімен  жетуге  жетелейді.  Педагогикалық ұжым үнемі кәсіби біліктілік-терін ұштап, оқу-тәрбие үрдісінің сапалы  жүргізілуіне  мән  беріп  отырады.  Жас ұстаздарға өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, оларды шығармашылықпен ізденіп еңбек  етуге  жұмылдыруда  жоғарғы санатты ұстаздарымызды атап  өтсек, ҚР Денсаулық сақтау  ісінің   үздігі  Д.М.Қазбаева, ҚР Білім беру ісінің үздігі Б.А.Қалтаева, жоғарғы санатты оқытушыларымыз Н.В.Котович, М.М.Айтымбетова, А.Е.Утепова,  Ж.М.Искакова, С.К.Оташева өз еңбектерімен жастар-ға  үлгі.  Әр жыл сайын оқытушыларымыз  аттестациядан  өтіп, колледж  мерейін  үстем етіп келеді. С.А.Косанова, С.А.Хасенова,  А.С.Шакиржанова,  Б.Ж.Сейтешева  сияқты  кәсіптік және арнаулы пән оқытушыларымыз  жаңалық атаулыны жедел игеруге, маман даярлау ісіне бар күш-жігерін  жұмсап, еңбектерінің  жемісін  көруде.
Білім  алушыларымыз үшін  жағдайлар  жасалған. Колледжіміздің   кітапхана  қоры – 13935  дана, 50 орындық  асхана  жұмыс істейді. Бүгінгі таңда  "Емдеу ісі" мамандығы  бойынша  315  оқушы  білім  алуда,  оның  90 %   мемлекеттік  тілде  оқиды. Қай оқу  орнының да  абыройын  асырып,  беделін  үстем  ететін оның түлектері. Біздің түлектеріміз  облыстың  Арқалық, Аманкелді, Жанкелдин, Жарқайың өңірлерінде  және  Солтүстік  аудандарды, Астана  қаласының  Республикалық орталық  ауруханалары  мен  емханаларында  еңбек  етіп  жүр. Олар еңбектерінде  абыройлы, оған  куә  жұмыс  орындарынан  бізге  келетін  алғысқа  толы хаттар.  Түлектеріміздің  ішінде  оқуын  әрі  жалғастырып  жоғарғы  білімді  дәрігерлер  сапына  қосылып, медициналық  академияларда  студент  атанып  жүргендер  қатарыда  аз  емес.                                             
Оқытушыларымыз оқу-тәрбие жүйесінде  жаңа ақпараттық коммуникациялық  технологияларды  пайдаланып  отырады. Колледжішілік  кешенді жоспарға сәйкес  әдістемелік  апталықтар  жүзеге  асырылады.  Әдістемелік апталықтардың өз деңгейінде  өткізілуі  білім  алушыларымыздың  арнаулы және кәсіптік пәндері бойынша  алған  білімдерін  одан әрі  жетілдіруге, сонымен қатар  оқытушылар арасында  тәжірибе  алмасып  отыруға  негіз  болады. Оқытушылар  өз пәндері  бойынша  оқу-әдістемелік  кешендер  жасақтап,  оқыту  үрдісінде  кеңі-нен  пайдалануда.  
Денсаулықтың  басты шарты – салауатты өмір салтын ұстану."Саламатты Қазақстан – 2011-2015" мемлекеттік  бағдарламасы  бойынша  өткізілетін  акцияларға  студенттеріміз де, оқытушыларымыз да  белсене  қатысып  отырады. Қаладағы  мәдениет  ошақтарында, мектептерде  үгіт-насихат  іс-шараларын  жүргізіп  келеді.  Денсаулық сақтау  жолында  басқаларға  өз  ұстанымымен  үлгі болу, өзгелерді соңыңнан  ерте   колледжде  өткізілетін  кәсіптік  байқаулар "Мамандығым – мақтанышым", "Үздік  фельдшер" дөңгелек үстелдер "Темекі  мен насыбайдың зияны", "ХХІ ғасыр  жастары СПИД-ке  қарсы", "Мемлекеттің  рәміздер  ұлттың  мақтанышы", "Құрметтейік  жеңістің  ерлерін" қалалық  акциялар "Қарттарым,  аман сау  жүрші", "Темекіні  алмаға  айырбастау", "Өз  қан  қысымыңды  анықта" атты  тәрбиелік  іс-шаралар, қазіргі  заман  талаптарына  сай  айқын  проблемаларды  талқылап, болашақ мамандар  даярлау ісіндегі білім  мен тәрбие  сапасы,  оған  қол  жеткізудегі  мақсаттары мен жетістіктерін қорытындылап отырады. Оқушылардың   ғылыми  қоғамы – білім  алушыларымыздың  интеллектін  дамытуға, ғылыми-зерттеу дағдыларын  игеруге, білімдерін  жетілдіруге, ғылыми-зерттеу  әдістерін  үйренуге, әрі  оқушыларға  кәсіби  бағыт  бағдар  беруге дағдыландырады.  Осы  мақсатта  жыл  сайын  өтетін оқушылардың  ғылыми-қоғам конференциясы биыл  "Білімді  ұрпақ – ел  болашағы"  тақырыбында  өткізілді.
Болашақ  тұлғаның бақыты – дұрыс  бағыт таңдауында. Осындай білім ордасында  қызмет  етіп,  аймағымызда  орта буынды  мамандар  даярлап,  еліміздің  дамуына  үлес  қосуымыз – дұрыс  бағыт  деп  білемін.  Еңбек  пен  шексіз  ізденісті  талап  ететін,  халық игілігі үшін  қызмет  жасайтын, болашаққа сенімді  қадам  басуға  мүмкіндік  беретін  мамандығымызды  мақтан  етемін.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓