Тың технологияның тиімділігі көп

Ұлттық банк алғаш рет «блокчейн» технологиясы қолданылған Invest Online инновациялық өнімінің іске қосылғаны туралы хабарлады. Осы арнайы әзірленген мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, қазақстандықтар онлайн режимде ҚР ҰБ ноттарына, оның ішінде аздаған сомаға қаражат инвестициялай алады. Осы және өзге де жаңалықтармен Алматы қаласында өткен брифингте төраға Данияр Ақышев айтты.данияр А0ышев
Жүйе жұмысында үш инновациялық шешім қолданылған. Біріншісі – тұңғыш рет тұтынылған "блокчейн" технологиясы. Түсініктірек айтқанда, ол әрбір транзакция бөлінген тізілім түріндегі ажырамайтын блоктар тізбегіне жазылады, бұл ақпараттың сақталуын және өзгермеуін қамтамасыз етеді. Екіншісі – ҚР ҰБ алғаш рет бағалы операцияларды
«Жүйе тәулік бойы жұмыс істейді, ешқандай комиссиялар мен салықтар жоқ, барлық операциялар ашық және тегін. Бұл бағалы қағаздар абсолютті өтімді – оларды күн сайын есептелетін кепілді кіріс ала отырып, кез келген сәтте кері сатуға болады», – деп атап өтті Д. Ақышев.
Екіншіден, Қазақстан Ұлттық Банкі алғаш рет бағалы қағаздармен операциялар бойынша есеп айырысу үшін қолданылатын электрондық ақшаны шығарды. Үшіншіден, барлық операциялар электрондық құрылғыларда онлайн түрінде қолжетімді.блокчейн
«Бұл жүйе өзінің ауқымды технологиялық мүмкіндіктерінің арқасында Ұлттық Банктің бағалы қағаздарымен ғана емес, сол сияқты IPO-ға шығуды жоспарлап отырған, оның ішінде халықтың ақшасын тарта отырып шығуды жоспарлап отырған ірі қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Болашақта Invest Online – кез келген бағалы қағаздармен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы және қауіпсіз алаң, оны бүкіл қазақстандықтар пайдалана алады», – деп жоспарларымен бөлісті қаржы реттеушісінің басшысы.
Қысқа мерзімді ноттардың эмиссиясы ағымдағы жылғы 27 наурыздан бастап іске қосылды. Эмиссияның жалпы көлемі – 50 млрд теңге. Кез келген тұлғаға нотты бір жылдан кейін 100 теңгеге сата отырып, 92 теңге 19 тиынға сатып алуға мүмкіндік бар. Кіріс күн сайын есептеледі. Бұл процеске Invest Online жүйесіндегі жеке кабинет арқылы мониторинг жүргізуге болады.
Д.Ақышев қазіргі кезде Invest Online арнайы мобильдік қосымшасы Play Market-те қолжетімді, ал App Store-ден жүктеу жақын арада мүмкін болатынын да айтты.
Осы жиындағы екінші мәселе ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру турасында болды. Брифинг спикері әуелі валюталық ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету бағдарламасы қабылданғанынан хабардар етті. Турасында, бұл – 2015 жылғы бағдарламаға енгізілген өзгертілер мен толықтырулар. Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша жетілдірілген жүйенің оңтайлылығы көп. Мәселен, төрағаның мәлімдеуінше, бұдан былай іс жүзінде жеке тұлғалардың баспанамен және өзге жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген барлық валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстырылатын болады. Ол 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері төл теңгеге байлаулы жеке тұлғаларға шетел валютасында жаңа ипотекалық қарыздар беруге заңнамалық тұрғыдан тыйым енгізілгенін еске салды.
"Бағдарламаға енгізілген толықтырулар 21 000-нан аса қарыз алушының қарыздарын өтеуге оңтайлы жағдайлар жасайды. Ескертеріміз, қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен өзіңіздің кредит берген банкіңізге тез арада жүгінуіңіз қажет, – деді Д.Ақышев. – Ақшаны игерудің револьверлік тетігін ескерсек, қайта қаржыландырылған қарыздар саны 2026 жылға дейін шамамен 40 мың болады деп болжанып отыр».баспана
Төраға бұл бағдарламаның кезекті кезеңі басталғанын да айтты. Ол әлеуметтік осал топтарына жататын қазыргерлерге көмек көрсетуге бағытталған.
 «Біз мұндай тұлғалардың мемлекеттік қолдауға ерекше мұқтаж екенін көріп отырмыз. Ипотека арқылы баспана алған олардың көпшілігінің жалғыз табыс көзі – мемлекеттік төлемдер мен жәрдемақылар. Сол табыстарын борышкер болмау үшін банктерге беруге мәжбүр. Қазір ҰБ маңызды заңнамалық бастама жасады. Оның мәні: қарыз алушының берешегі артуына байланысты, олардың меншігіне өткен тұрғын үйді жалға тапсыру құқығы берілді», – деді қаржы реттеушісінің басшысы.
Ол Ұлттық Банктің ипотекалық несиелендіруді ынталандыруға бағытталған  «7 – 20 – 25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасы пысықталып жатқанын да жеткізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓