Ыстық су қашан беріледі?

Жылу құбырларын тексеру мақсатында, 11-мамырдан бастап облыс орталығында тұрғын үйлер мен мекемелерге ыстық су беру тоқтатылды.nof60ymvjjob-640
Жылу беру маусымының алдында гидравликалық құрылғылардың күшімен құбырлардағы ақауды анықтап, тазарту қажет. Сондықтан ыстық су беру тоқтатылып, ауқымды техникалық жұмыстары жүргізілуде. Үш аптаға созылған тексеріс жұмысының нәтижесінде, 100-ге жуық  құбыр жарығы анықталды. Сонымен қоса  25 құбыр   күрделі жөндеуден өткізіліп, тағы 10 шақты құрылғы тазартылды. Қазіргі кезде 25 құбыр іске қосылды. 
Жалпы қала бойынша ыстық су 1-маусымда беріледі.  Ал, қажетті жөндеу жұмыстары мен құрылғыларды ауыстыру аяқталмаған  кейбір шағын аудандар мен үйлер тұрғындарына ыстық суды әлі де күте тұруға тура келеді.
 
Айтолқын Қапан 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓