WWW.KOSTANAYTANY.KZ Бұл біздің газеттің сайты

Жаһанды жаңғыртқан ақпараттық технология заманында болашағынан үмітті кәсіпорындардың барлығы да ғаламторға бет бұрды. "Қостанай таңы" да көштен қалмай ерте кезеңнен өзінің ғаламтордағы бетін ашып, жұмыс істей бастаған еді. Бастапқыда ақпаратты жариялаумен шектеліп келген сайтымыз бұдан былай жаңа сипатта жұмыс істеуді жоспарға алған. Сайтымыздың сәні өзгеріп, мәнді ақпараттарының қатары қалыңдай түсуде. Газетіміздің құнды қоры "Қостанай таңы" кітапханасы, жаңадан ашылған "Қостанай таңының" зерттеу орталығы" мен "Жастар.kz", "Бас редактор әлемі" іспетті топтамалар жаңа сипаттағы сайтымызға енгізілді. Сонымен қатар, "Қостанай-ақпарат" айдарында күнделікті жаңалықтар жарияланады.
"Қостанай таңы" сайтының тағы бір маңызды ерекшелігі – газетіміздің электронды нұсқасын компьютерден бөлек ұялы байланыс құралы, планшеттен қарау мүмкіндігі қарастырылған. Оқырманмен кері байланыс орнату мақсатында, сайтымызға тіркелу тетіктері жеңілдетілді. Сайтымыздағы ақпараттарымызбен қаныққан кез-келген оқырман тілші еңбегіне баға беріп, пікірін қалдыра алады.
Біз, еш нәрсені ойлап тапқан жоқпыз. Біз, қалыптасқан игі дәстүрді жалғастырып, ақпаратымызды оқырманға жедел жеткізудің амалына жүгіндік. Біздің сайтымыз, соның жемісі. Ендеше, www.kostanaytany.kz сайтына қош келдіңіздер!
Жұматай
Кәкімжанов