Трактор астына түсті

Сарыкөл ауданында бойжеткенді трактор басып кетті. 1-750x470
Қайғылы оқиға күні кеше сағат 17.00 шамасында болған. Елді мекендегі Пушкин көшесінде К-700 тізгіндеген 54 жастағы шопыр 24 жастағы қызды басып кетіп, жапа шегуші ауыр жарақаттан көз жұмды.
Полицейлердің хабарлауынша, осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағында қаралған "ЖҚЕ бұзу" бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыс көлемінде 31 жол апаты болып, салдарынан 7 адам мерт болып, 45-і жарақат алған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓