Бензин бағасы қымбаттады

Жанар-жағар май құны тағы да тұрақсыздық танытты. Бұл турасындағы ақпарат республикалық сайттарда жария болды.бензин
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» бұйрығы шықты. Құжатқа сәйкес АИ-92 маркалы бензиннің литрі 108 теңге болады. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар ҚҚС есебімен мына мөлшерде белгіленсін: дизельді отын –  1 литр үшін 99 теңге; Аи-80 – 1 литр үшін 89 теңге; Аи-92/93 – 1 литр үшін 108 теңге», – делінген құжат мәтінінде. Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмырзиннің айтуынша, бағаны бұлай өсіру мұнайдың әлемдік бағамымен байланысты.
«Себебін оп-оңай түсіндіруге болады,-деп нақтылайды ол.- Егер мұнай баррелінің құны 60-65 доллар деңгейінде екенін ескеріп, есеп жүргізсек және ағымдық заңнаманың формуласына салсақ, бензин литрінің құны 108 теңгенің көлемінде болуы тиіс. Бұл, сәйкесінше, теңгенің долларға шаққандағы курсына байланысты. Бәрі заңнамаға сай».
Сөзінше, бұл бұйрық аталған ақпарат жария болған уақыттан бастап күшіне енеді. Демек, бүгін жанармай құю бекеттері, кешкі ауысымнан бастап, баға кестесін жаңартуға құқылы болмақ.
Мұндай өзгеріс туралы мәліметке желі оқырмандары алаңдаулы пікірлер білдіруде. Олар бензин бағасының қымбаттауы азық-түлік пен жолда жүру құнына ықпал тигізбесіне кепілдіктің аз екенін алға тартады.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓