Сот ақтау үкімін шығарды

Федоров аудандық соты 34 жастағы мектеп мұғалімі П.-ның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық жоқ деп танып, ақтау үкімін шығарды.сот
Іс материалдары бойынша, азаматша О. ҚР ҚК 130 бабы 1 бөлімі бойынша (жала жабу) азаматша П.-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағымымен сотқа жүгінген. Мектеп мұғалімдері арасында өзара келіспеушілік ұзаққа созылып, соңы сот тартысына айналған. Жеке айыптаушының мәлімдеуінше, 2014 жылдың сәуір айында мектептің акт залында оқушылардың көзінше П. қасақана  шағымданушының ар-намысы мен кәсіби беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратқан. Соттан жалған мәлімет таратушыны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды. Ал6 жауапкер өз кінәсін мойындамады.
Сот отырысы барысында азаматша П. тарапынан О.-ға жала жабу фактісінің дәлелдемесі табылмады. Сөйтіп, сот азаматша П.-ны кінәсіз деп тауып, оны ҚР ҚК 130 бабы 1 бөлімімен қарастырылған қылмыстық жауапкершіліктен ақтау үкімін шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енеген жоқ.    
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓