Көлеңкелі кәсіппен тұтылды

Қостанай облысында заңсыз ойын бизнесін ашқан 27 жастағы жігітке қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. hqdefaultҚостанай қаласының тұрғыны ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі, 2-тармағы («Ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру») бойынша айыпталған.
«КСК шағын ауданында арнайы ойын терминалдарын орнатқан. Ол прокурормен процессуалдық келісімге келді», – деп хабарланды соттан.
Сот оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мұнымен қоса қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді.
Сот үкімі заңдық күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓