Қазақстанда тіркеуге алынбайтын көліктер
26 мамырдан бастап "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойымен қозғалуға арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілетін өлшемдерін бекіту туралы" бұйрығы күшіне енеді. Бұйрықта автокөлік құралдарының Еуро-4 талабына сәйкестігі басты назарға алынған. Яғни, темір тұлпарларда жүргізушінің қауіпсіздік жастығы, балаларға арналған автокреслолар болуы қажет. Сонымен қатар күндізгі қозғалыстағы жарықтың және тежегіштердің антиблокировкалық жүйесімен жабдықталуы тиісті. Енді Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінетін автокөлік құралдары осы бұйрық талаптарына сәйкес келмесе, олар Қазақстанда тіркеуге алынбайды.

26 мамырдан бастап (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін күндізгі қозғалыстағы жарықтың болуы жөніндегі талаптан өзгесі) ішкі істер органдарының қызметкерлері автокөлік құралдарын бастапқы тіркеу барысында бақылайды.
Бұл талаптар Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде ескерілген. Алайда ол бұл міндет тек үшінші елдерден әкелінетін автокөлік құралдарына ғана қатысы бар болатын. Бұл бұйрықтың енгізілуіне байланысты олар Қазақстан аумағына Кеден одағына мүше елдерден әкелінетін автокөлік құралдарына да тікелей қатысты.