Бүкіләлемдік тұтынушылар құқықтарын қорғау күні

Жыл сайын 15 наурызда, барлық әлем жұртшылығы бүкіләлемдік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін атап өтеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша Халықаралық тұтынушылардың ұйымдар федерациясы (CI) әр жыл сайын Бүкіләлемдік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнінің тақырыбын анықтайды.
2015  жылы  бұл   күн  "Тұтынушылардың  құқықтарын  дұрыс тамақтануға тоғыстырайық) ұранымен өтеді ("Tofocusonconsumersrightstohealthyfood").потреб  1
Бүгінгі таңда дені сау ұлттың негізі адам. Біздің міндетіміз – дұрыс тамақтану және экологиялық жағынан таза өнімді сатып алу мәдениетін арттыру. Дұрыс тамақтанбау әлем бойынша өлімнің негізгі он себебі ішінде төртеуімен байланысты болады: артық салмақ пен семіздік, жоғары қан қысымы мен қандағы холестерин.
Семіздікпен,  диабетпен,  жүрек  ау-руымен және обырдың кейбір түрлерімен байланысты сырқат деңгейінің артып кеткені халықаралық денсаулық сақтау жүйесіндегі басты мәселенің бірі. Артық салмақтары мен семіздігі бар адамдар саны артып келеді және қазіргі кезде осы проблеманы шешуде табысқа жеткен бір де бір мемлекет жоқ.
Зиянды тамақ өнімдерінің болуы мен қол жетімділігі, тамақ өнеркәсібі ірі халықаралық кәсіпорындарының маркетингтік практикасы және тұтынушылар үшін қол жетімді ақпараттың болмауы дұрыс тамақтануға арналған азық-түліктерді таңдау да тұтынушыға қиындық туғызады.
Осыған байланысты, Бүкіләлемдік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнінің тақырыбы осы саладағы бар проблемаларға тұрғындардың назарын аударады.
Құрметті тұтынушылар – облыс тұрғындары!
Бүкіләлемдік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін атап өту шеңберінде Қостанай облысы тұтынушылар құқықтарын қорғау күнін атап өту шеңберінде Қостанай облысы тұтынушылар құқықтарны қорғау департаментімен Департаменттің және оның аумақтық басқармаларын Консультациялық орталығының Ашық есік күндері өткізіледі. Сондай-ақ туындаған проблемалар бойынша хат түрінде хабарламаларды, сұрақтарды, ұсынынстарды dkgsenkostnay.krcc мекенжайы бойынша Департамент сайтына жолдай аласыздар, қауырт желісі 8/7142/54-26-95.
 
Б.Байкенов,
Қостанай облысы тұтынушылар
құқықтарын қорғау департаменті
тұтынушылар құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы.
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓