Жұқпалы індеттен адамдар аман

Кырылган кииктерКиіктерге келген індеттен адамдар зардап шеккен жоқ. Бұған дейін əлеуметтік желілерде "індет ошағы алғашқы болып тіркелген Амангелді ауданында көму жұмыстарына қатысқандар ішінара кесел жұқтырды" деген ақпарат тараған еді. Аудандық аурухана дəрігерлері мұны жалған мəлімет деп отыр. Рас, өлген киіктерді жою жұмыстарына қатысқан "Алтын дала" резерватының бір жұмысшысы емдеу мекемесіне келіп түскен. "Алайда оның бойынан ешқандайда жұқпалы індет белгілері білінген жоқ. Науқасқа "созылмалы панкреатит" деген диагноз қойылды. Қазіргі уақытта резерват қызметкері тиісті ем-домын алды. Аудан көлемінде одан өзге жұқпалы аурумен ауырған адам тіркелген жоқ", – дейді Амангелді аудандық орталық ауруханасы бас дəрігерінің орынбасары Ж.Каканова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓