Сынақ нысаны – дәрігерлер мен мұғалімдер

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, COVID-19 вирусына қарсы вакцина жалпы қазақстандықтардың 15 пайызына салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Без названия (2)
«Елдің COVID-19 вакцинасына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін біз вакцинацияланатын қауіпті топты анықтадық. Олар – 60 жастан асқан созылмалы ауруы бар адамдар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер. Алдын ала есепке сәйкес, республика бойынша 2,8 млн адам немесе халықтың 15% вакцина салдыруы тиіс. Ол үшін 5,6 млн доза вакцина қажет», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, Қазақстан бірнеше мемлекеттен вакцина сатып алу мәселесін пысықтауда. «Олар – ресейлік Спутник-5 вакцинасы, оксфордтық вакцина, қазақстандық вакцина және тағы басқалар», – деді ол.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓