Дәстүрлі турнир

1202_6

Қостанай облысында  қызметтік міндетін атқару барысында үш өрт сөндіруші қаза болған еді.  2001 жылдың 9 наурызында түнде Омар Шипин көшесінде, №110/12 үйде өртті сөндіру барысында ішкі қызмет кіші сержанты Талғат Сапарұлы Жантасов  қаза болды. 2005 жылдың 17 желтоқсанында түнде,  Қостанай ауданы Октябр кентінде "Актив" ЖШС ағаш өндейтін  цехының ғимаратында болған өртте, өрт сөндіруші маман ішкі қызмет кіші сержанты Сәбит Алдажанұлы Нұрбаев пен   өрт сөндіруші маман ішкі қызмет кіші сержанты Ринат Асылбекұлы Ашубаев қаза болды.
Жақында Қостанай қаласы алғашқы әскери дайындық оқу-әдістемелік орталығында өткен турнир қатынасушылардың саптық шеруінен басталды. Өмірден отпен арпалыста қаза болған жігіттерді жиналғандар бір минут үнсіздікпен еске алды. Қостанай гарнизоны өткізетін кіші футболдан жыл сайынғы турнир 8-ші рет  өтіп отыр. Іс-шараға қаза болған өрт сөндірушілердің туыстары мен жақындары, олардың әйелдері мен балалары қатынасты. Қостанай облысы ТЖД бастығы полковник Т.Какимов сөз сөйлеп турнирді ашты.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Қостанай қаласы 2-МӨСБ, 2-ші орынды Қостанай ауданының 10-ӨСБ, 3-ші орынды Қостанай қаласы 1-ӨСБ алды.
Жеңіске жеткен командалар Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ кубоктарымен және грамоталарымен  марапатталды.
Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ баспасөз қызметі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓