Арқалықта “Спорт бар” ашылды

 "Балажан" ЖШС қарасты "Ажар – maLL" сауда орталығынан жаңа ойын кешені ашылды. Оның ашылуында қала әкімінің орынбасары Е. Теменов құттықтау сөз сөйлеп, қаланың құрметті азаматы Ш. Байділдинмен бірге кермесін қиды.
 Жаңа нысанда 8 адам жұмыс істейді.DSCF9959 
Олжас Әділханов, меңгеруші: 
– Спорттық іс – шаралардың әлемде миллиондаған адамдардың қызығушылығын арттырып отырғандығы белгілі. Бұл үрдіс біздің елімізде де танымалдыққа ие болуда. Болашақта тұтынушыларымызды көптеп жинаймыз деген үміттеміз. 
Әсел Оңжан, әкімші:
– Бұл нысан жастар үшін ашылып отыр. Мұнда алуан ойындардың жаңа үлгілері бар. Оның сыртында онлайн көрсетілім арқылы түрлі спорттық шараларды тамашалауға болады.
 
Мұрат Жүнісұлы,
 
                                                                                       Арқалық
қаласы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓