Кәсіптерін дөңгелетпекші

Екінші деңгейлі банктер несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау – мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан оңтайлы көмек. Мұндай демеуге лисаковтық азаматтар да қол созып отыр. З жергілікті кәсіпкер ендігі өтініштерін өткізіп те қойыпты. Мақұлданып жатса, олар жалпы сомасы 16 млн теңге көлемінде несие алмақ. 7 жаңа жұмыс орны құрылады деп көзделуде. Аталған қаржылар фаст-фуд өндірісін өрге жүздіруге, шаштараз нысанын меншіктеуге және жазғы кафені қажетті дүниемен жабдықтауға жұмсалады. Damu_lsm
 
Кезекті бір 3 лисаковтық іскер азамат «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша грант ұтып алмақ ниетте. Ойлағандары іске асса, қалада би студиясы, шыны шеберханасы ашылып, қымыз өндірісі қолға алынбақ.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓