Сарыкөлдіктер Президенттік сынақ тапсыруда

Бүгін – сарыкөлдіктер бірнеше спорт түрлерінен Президенттік сынақ тапсыруда. Оған мекеме, ұйым өкілдері мен жастар қатысуда.
Бұл спорт жарысы – ҚР Әнұранымен ашылып, аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабековтың жүрекжарды лебізімен жалғасты. Сосын сынаққа қатысушыларға ережелер таныстырылып, сайыс та басталды. Дәл қазір жарыс қыза түскен. Барлық қатысушылар 8 топқа бөлініп, бақтарын сынауда.SONY DSC
-«Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала» – деп Елбасымыз айтқандай, жалпы тәгілдіктер спортқа жақын халық. Бүгінгі шараға біздің ауылдан 40 адам келді. Оның құрамында ауылдың ақсақалдары, жастар және өзім де бармын, – дейді Тәгіл ауылдық округінің әкімі Сағынбай Сүндеталин.
Ерекше атап өтерлік жәйт, Президенттік сынаққа жасы жетпіске жуықтап қалған ардагер спортшы, Соналы ауылының имамы Қаппас Бекмағанбетов те қатысуда:SONY DSC
-Өз басым, бала кезден спортқа жақын жанмын. Спорт – денсаулық кепілі. Сондықтан, жастарға үлгі-өнеге көрсету үшін келіп отырмын, – дейді ол.
Ал жас спортшы, Весело-Подол орта мектебінен келген Диас Дүйсенбин болса, доп тепкенді жақсы көреді екен, мектепшілік футбол ойындарында жарқырып көрініп жүр.
-Бүгінгідей шарада екінші рет бағымды сынап отырмын. Біздерді спортқа насихаттайтын дәл осындай жарыстар күш-жігер береді, – дейді 6-сынып оқушысы.SONY DSC
Иә, бүгінгі сынақ – ерекше. Себебі, жыл сайын дәстүрге айналған. Бұған өз еркімен келіп, қатысып жатқандар аудан спортына өз үлесін қосқысы келетіндер.
Жалпы, жарыс сағат 4-ке дейін созылмақ. Қорытындысында жеңімпаз командалар мен спортшылар анықталып, мадақтамалармен марапатталмақ.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓