Діни кеңеске қатысты
Ресейдің Троицк қаласында «Расулев оқулары: Ресей тарихындағы және жаңашыл өміріндегі Ислам» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция болып өтті.
Алқалы басқосуға Челябинск облысы Үкіметінің арнайы шақыруымен облыс әкімі Нұралы Садуақасов бастаған қостанайлық делегация барып қайтты. Оның құрамында , облыстық дін істері жөніндегі басқарманың жетекшісі Нүрикан Нүгірбеков, дінтанушы-ғалым Қалқаман Жақып , Қостанай мешітінің Бас имамы Шоқан қажы Әмірхановтар бар.
Конференция жұмысына Ресейдің Бас мүфтиі, мұсылмандардың Орталық рухани басқармасының төрағасы Талғат Таджуддин, Челябі облысының губернаторы, Қазан, Уфа,Орынбор және Челябі қалаларынан келген бір топ исламтанушылар қатысты.
«Діни кеңеске қатысушылар Ресей дін қайраткері, ойшыл, педагог-ағартушы Зайнулла Расулевтің тарихи және рухани ілімдерімен танысты. Сондай-ақ бүгінгі мұсылман әлеміндегі жағдайларды жан-жақты талқылады»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Айбек КӘДІРҰЛЫ