Жаппай улану дерегі – құзырлы орган назарында

18 мамыр күні Қостанайдағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында 14 оқушының астан ұшынғаны анықталған болатын. Олардың тоғызы ауруханаға түскен болса, бес оқушы тексеруден кейін үйлеріне жіберілген. Жұма күні аймақтық прокуратурада журналистермен өткен баспасөз жиынында осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасалды.35_big
– Жауапты органдар аталған оқиғаға қатысты істі санитарлық нормалардың бұзылғандығы жөнінде сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестріне тіркеді. Тергеуге санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы жұмылдырылып, сынама алынды және тиісті сараптама қойылды. Егер тексеру қорытындысы бойынша қандай да өрескелдіктер анықталып жатса, бұған кінәлі тұлғалар заңға сәйкес тиісті жазасын алатын болады, – деді облыстық прокуратураның 1-басқарма бастығы Асқар Сыздықов.DSCN3290
Құзырлы орган өкілі биылғы жылы өңірімізде жаппай уланудың алғаш рет тіркеліп отырғанын жеткізді. Айта кету керек, өткен жылы аймағымыздың білім ордалары мен мектепке дейінгі мекемелерінде осындай 3 оқиға тіркелсе, соның біреуі дәл осы қазақ-түрік лицейінде болды.
Асқар Сыздықов аталған оқиғаларға байланысты үстіміздегі жылдың ақпан айында облыстық прокуратура білім ошақтарында санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде алгоритм әзірлегенін жеткізді.
  
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓