Сауаттылық пен жауаптылықтың сақталғаны керек
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалылығы ұдайы қадағалауда болуы тиіс. Бұл мақсатта, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жетекшілігімен, қоғамдық талдаулар жасалды. Талдаудың нәтижесі түзеуді талап ететін кемшіліктердің бар екенін көрсетіп отыр. Мінекей, ХҚКО-да ұйымдастырылған облыстық семинар-кеңестің маңдайалды мұраты осы жайттарды ортаға салу еді.
Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық Департаменті қызметшілері және аудандық, қалалық, облыстық ХҚКО мамандары мен басшылары қатысты.
Жиын барысында салаға қатысты аз мәселе қамтылмады. Мәселен, қызмет көрсету барысында заңнамамен қарастырылмаған құжаттар талап ету, орталық инспекторларының азаматтармен қарым-қатынаста этникалық қағидаларды белден басуы сынды көптеген жеке ескертулер екшеліп өтті. Айта кету керек, кәсіпкерлер палатасының талдау қорытындысындағы нақты деректер бойынша департамент тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Тиісінше, орталықтардың қатардағы мамандары да өз пікірлерін қосысты. Нақтылағанда, олар халыққа қызмет көрсетуде туындайтын кейбір жайттарды қамту үшін заңнаманы жетілдіру, жұмырлай түсу хақында ойларын айтты.
Тараптар аталған барлық ұсыныстар өкілетті мекемеге жолданатын ортақ талдауда баяндалады деген шешімге келді.
Жандос Жүсіпбек