Жеңімпаздар форумы Сарыкөлде

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың үлкен сеніміне ие болып, жеңіске жетті. Осыған орай еліміздің жер-жерінде жеңімпаздар форумы ұйымдастырылды.IMG_7774
Біздің Сарыкөл өңірінде де өткен бұл шара жарқын сәттерге толы болды. Аудан басшысы бастап, құрметті азаматтар қостап, партиялықтар мен жасотандықтар және студентер де белсенді қатысты. Әсіресе, жастар жағы жерлестерімізді жігерлендіріп, «Нұрлы Жол!» Нұрсұлтан! Қазақстан!» – деп ұрандады.
Кезектен тыс Президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіске жетуімен аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Э.Күзенбаев жерлестерді құттықтады:
– Бүгінгі күн барлық қазақстандықтар үшін ең тамаша күн! Сайлау Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевақ деген халықтың үлкен сенімін, қолдауын көрсетті, – деді ол өз сөзінде.IMG_8564
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері өз лебіздерін білдіріп, сахна төрінде сөз сөйледі.
Бұл шараға қатысқандардың бәрі Елбасының жеңісі – елдіктің жемісі екендігін айтып жатты.
Форум соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓