Тұрғындар қарызы – 270 млн теңге

Облыс тұрғындарының коммуналдық төлемдер бойынша қарызы 2016 жылы 270 млн теңгеге жеткен, көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 49 млн теңгеге артық. Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Алмат Исенбаев баяндады.ktekЕң көп берешек жылу қызметіне тиесілі – жалпы қарыз сомасының 59%-ы немесе 160 млн теңге. 72 млн теңге – сумен жабдықтау және су бұру қызметіне қарыз адамдардың көрсеткіші. 28 млн теңге –  электр жүйесі, 10 млн теңге – газ. Өткен кезеңдермен салыстырғанда қызметтердің барлық түрлері бойынша өсім байқалды. Дегенмен, тұрғындардың да базынасы бар. Басқа облыстармен салыстырғанда коммуналдық қызмет тарифтерінің өскенін айтады.
Басқарма басшысының пікіріне сүйенсек, қомақты қарызы бар кәсіпорындар дер кезінде төлем жасай алмай, несие алуға мәжбүр. Ал, бұл дегеніңіз олардың экономикалық жағдайын нашарлатады. Бұған анық мысал: облыстағы 26 коммуналдық кәсіпорынның небары 10-ы өткен жылды жақсы нәтижелермен аяқтады.
Шығынның негізгі себебі – энергия көздерін белгіленген шегінен тыс ысырап пайдалану. Сол себепті кәсіпорындар жарықты үнемді пайдалануды қолға алуы тиіс.
– Жылумен қамтамасыз ету саласында есептеу құрылғыларының болмауы борыштың өсуіне әкеп соқтырады. Өйткені, тұрғындардың жылу жүйесін өздері есептеуге мүмкіндігі жоқ. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін арнайы құралдар керек-ақ.  Коммуналдық төлемдерге жүрдім-бардым қарайтын азаматтар көбейіп барады. Былтырғы жылдың қаңтар айынан бастап 890 үйге жылу есептегіш құралы қойылды. Нәтижесін алдағы уақытта көретін боламыз. Жыл аяғына дейін барлық үйлерге жаңа заманғы есептегіштерді қоюымыз қажет, – деді Алмат Исенбаев.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓