Жастардың “әлеуметтік тойы” өтті

Қостанайда көп жылдар бойы облыстық Полиция департаментінің қамқорлығында болған Николай Жиделев есімді азамат шаңырақ көтерді. Оның тойын тәртіп сақшылары мен облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері ұйымдастырды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. DSC_5633
DSC_5646Қостанайдағы балалар үйінде тәрбиеленген Николай Жиделевке қостанайлық полицейлер үнемі көмек көрсетіп келген. Енді оның отау құру тойынан да сырт қалмады. Полиция департаментіңің Кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бағдат Итесов той иелерін құттықтай келді.
«Біз біртұтас елдің азаматтарымыз, қиын-қыстау сәтте қол ұшын созу – әр адамның парызы. Николай өте ізденімпаз, еңбекқор жігіт. Бүгін Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовтің және барлық тәртіп сақшыларының атынан құттықтап, сыйлығымызды табыс еттік», – деді ол.1909192244086101f
Сондай-ақ, полицейлер келешекте Николайдың отбасына қолдау көрсетіп, тіпті, оның жұмысқа орналасуына септігін тигізуге уәде етті. Облыстық жастар ресурстық орталығының мониторинг секторының жетекшісі Лейла Бексейітованың сөзінше, жастар ғаламтор арқылы табысқан. «Николай өзінің ата-анасын ешқашан көрмеген. Ал Вераның анасы жесір қалған. Негізі бұл тойды өткізу мамыр айында жоспарланған. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлерді іздестірдік», – дейді Лейла Бексейітова. 190919224533555eЖас отбасыға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бағалы сыйлық тапсырды.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓