Арқалық – республикалық байқау жеңімпазы

ҚР Үкіметінің моноқалаларды дамыту бағдарламасының бір бағыты ретінде шағын қалалардағы әлеуметтік – мәдени орындарды дамыту, көріктендіру мақсатында жариялаған республикалық байқауда Арқалық қаласының ұсынған эскиздік Жобасы жеңімпаз атанып, арнайы сертификатқа ие болды.
аркалык Жоба қаладағы өтпелі кезең қиындықтары кезінде тұралап қалған орталық саябақ жұмысын қайта жандандыру мақсатында қолға алынды. Жобаға 175,6 млн. теңге жұмсалып, 158 га жерді абаттандыру жоспарға алынған. Аталған Жобаны өңірлік даму министрлігінің жанынан құрылған үкімет комиссиясы алдында қала әкімінің орынбасары Д. Нұрлыбеов және қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қ. Әбдікұлы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Алматовалар осыдан бір ай бұрын қорғап келген болатын. Жақында жағымды жаңалықпен қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов кезекті кеңейтілген кеңесте қала активімен бөлісті. Республикалық моноқалалар арасындағы байқауда Қостанай облысынан Лисаков қаласының да жеңімпаз болып танылуы қуанышты еселеді.
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓