Мемлекеттік қызметтерге ұсыныстар әзірлейтін арнайы фокус-топ құрылды
Қостанайда мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сарапшы-практиктер арасынан қызметтерді автоматтандыру, реинжинирингілеу, оларды проактивті форматқа көшіру мәселелерін сапалы зерделеу үшін фокус-топ құрылды.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл фокус-топ жұмысының алғашқы оң нәтижелері бар. Цифрлық даму министрі жанындағы комиссияда облыстың ЖАО проблемалары мен оларды шешу жолдары талқыға салынған.
«Біз Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде зардап шеккен нысандарды, сондай-ақ ауылдық жерлердегі тозығы жеткен құрылыстарды бұзу тәртібін оңайлату жөнінде өзекті мәселелерді айттық, енгізу актісіне ұқсас объектіні бұзу актісін меншік иесінің өзі әзірлеуді ұсынды. Салынған нысанды пайдалануға қабылдау актісін тіркеуді толық автоматтандыруды шешу жолдары ұсынылды", – деп атап өтті Азамат Кашиев.

Азамат Кашиев министрліктің бастамаларды белсенді қолдағанын, Қостанай облысы қазірдің өзінде 2 пилоттық жобаға қатысуға енгізілгенін атап өтті.