Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау жүріп жатыр

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 2014-2015 оқу жылында 8, 9 сыныптарда білім алу үшін оқушыларды қосымша іріктеуге конкурс жариялағанын хабарлайды.
мектепҚұжаттарды қабылдау 2014 жылғы 18 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында өткізіледі. Мекен жайы: Қостанай қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі 118, (Ы.Алтынсарин атындағы мектеп – интернат) , телефоны:39-26-21.
Конкурстық іріктеу кезеңдері 2014 жылғы 12 қазан мен 20 қазан аралығында өтеді. Конкурстың өту мекен  жайы және уақыты 2014 жылы                  1 қазан күні  www.nis.edu.kz  веб – сайтында жарияланады.
Конкурстық іріктеу туралы толық ақпаратты  www.nis.edu.kz  веб – сайтында көруге болады.
Іріктеуден өткен оқушылар 2014-2015 оқу жылының                1 қыркүйегінен өз мектептерінде оқуды жалғастырады, «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия шешімі негізінде ашылған соң Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істеуге талап етуші мұғалімдер арасында қосымша тестілеу өткізіледі.
Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2014-2015 оқу жылында 8, 9 сыныптарда білім алу үшін оқушыларды қосымша іріктеуге конкурсы жарияланғаны туралы ақпарат Қостанай облысы білім басқармасы сайтында орналастырылды.

 

You may also like...

1 Response

  1. ботагоз айтты:

    7 сыныпка косымша байкау откызыле ме

     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓