Жаңа ХҚКО-ның тұсауы кесілді

 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қостанай өндірістік филиалы базасында жеке және заңды тұлғаларға қызметтер көрсететін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) салтанатты түрде ашылды. Рәсімге Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Ибулла Сердиев қатысты. IMG_7636
Мамандандырылған ХҚКО ақпараттық жүйелерді біріктіруге және қысқа мерзімде «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Заманауи техникамен жабдықталған. Енді жаңа орталықта техникалық шарттар беруге өтініш жасауға, әзірленген техникалық шарттарды алуға, газбен жабдықтау жобасын әзірлеуге және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға шарт жасасуға, газбен жабдықтау жобаларын келісуге тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, шот-фактуралар алу, газбен жабдықтауға байланысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес беріледі. Биллингтік компания көрсететін қызметтерді пайдалануға мүмкіндік кең. Бұл  ХҚКО атқаратын жұмыстардың кішігірім тізбесі ғана. IMG_7595
Бұрын жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін Қостанай газ шаруашылығының ғимаратына бару қажет еді.  Оның қашықта орналасуы, компьютерленген жүйенің жоқтығы қалалықтарға қолайсыздықтар тудырған болатын. Сондықтан бұл жергілікті жұртты қуантқан игі жаңалық екені аян. Жаңа мекеме Қостанай қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Электрондық кезекке тұру жүйесімен және толық жабдықталған күту залымен, автотұрақпен жарақтандырылған.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓