“Оқитын өлке” жобасы жалғасуда

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен тәуелсіздік күніне арналған арнайы дөңгелек үстел болып өтті. Оған өңірдегі саяси партия өкілдері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
IMG_5122Жиынға жиналғандар егеменді еліміздің құрылу тарихы мен даму ерекшеліктерін, қостанайлықтардың да еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы сүбелі үлесін сөз етті. Сондай-ақ, басқосуда аталмыш басқарманың мұрындық болуымен қолға алынған “Оқитын өлке” атты жаңа жобаның мән-маңызы да тілге тиек етілді. Жобаның басты мақсаты – тәуелсіздігіміздің тарихы мен мәнін өңір тұрғындарына кітаптар арқылы жеткізу,  жалпы облыс тұрғындарының кітап оқу белсенділігін және қоғамда кітап оқушы адамның беделін арттыру.
Жиын соңында партия өкілдері жобаның бастамашылары ретінде облыстық Л.Толстой атындағы кітапхананың көрмесіне бір кітапты сыйға тарту тартты.
 
Қарлығаш Оспанова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓