«Тобыл» жартылай финалда!

Қазақстан Кубогы жолындағы ширек финалды Қостанайдың «Тобылы» Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдап 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл жолы да күн райы қонақтарды дәл өткендегідей қарсы алды. Бұршақ аралас жаңбыр жерлестерімізге шын мәнінде құт әкелді.
Естеріңізге сала кетейік, матч алдында Қостанайдағы Орталық стадионда өтеді деп хабарланған. Алайда, толассыз жауған нөсер оған мүмкіндік берген жоқ.тобол-жетысу
Сонымен, кездесудің 6-шы минутында Огнен Красичтен тамаша пас қабылдап алған Томаш Шимкович талдықорғандық команданың қақпасын тура көздеді. 1:0!
Ал екінші таймда алаңға шыққан Артем Дели ойынға тың леп әкелді. Қарсыластардың айып алаңында атой салған «Тобыл» футболшылары Иван Азовский шәкірттеріне дес бере қойған жоқ. Ойынның 83-ші минутында А.Дели тағы сол Огнен Красичтің алға асырған добын қақшып әкетіп, жіібек торға бүлк еткізді. 2:0!
Сөйтіп, «Тобыл» жартылай финалға жолдама алды. Қостанайлықтардың келесі қарсыласын енді жеребе анықтайды. 
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓