ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛДЫ

Қостанай облысында тұрғын үй құрылысы жыл санап еселеніп келеді. Мәселен, биыл оның көлемі былтырғымен салыстырғанда екі есеге ұлғайған. Бұл – "Нұрлы жер" бағдарламасының өңірде табысты іске асып жатқанының көрінісі.DSC_0107
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қатарбековтің мәліметінше, құрылыс өткен жылғыдан 10%-ға артқан. Нақтылай айтқанда, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 290,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Әсіресе, жалдамалы тұрғын үй құрылысы екі есеге артып, көлемі 32,5 мың шаршы метрге жетті.DSC_0102
«2018 жылдың 9 айында 227,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін 63,3 мың шаршы метр үй тұрғындарға тапсырылады. Олардың ішінде 10 көпқабатты үй бар. Әлеуметтің аз қамтылған тобына жататын азаматтарды жалдамалы пәтерлермен қамтамасыз ету үшін 1,5 млрд теңге қарастырылды. Жалпы, тұрғын үй салуға бағытталған 7,3 млрд теңге қаражат толығымен жоспарлы түрде жұмсалады», – деді Н.Қатарбеков.DSC_0095
Басқарма басшысы алдағы жылы "Әуежай" шағын ауданында 32,9 мың шаршы метр аумаққа баспана салынатынын және «Юбилейный» шағын ауданында 67 гектар жерде құрылыс жұмыстарының басталғанын айтты. Таяу уақытта 11 үй тұрғындар игілігіне берілмек.
 
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

1 Response

  1. даулетхан абилхаир айтты:

    өте жақсы… 25 жулдан бері осындай қарқынмен келгендей біраз шәр.алар бітер еді, үйсіз қаптап жүрген қазақтар саны аз болар ма еді… ақ жол!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓